Лондон күнтізбесі. Басты назарда - біздің спортшылар

Лондон күнтізбесі. Басты назарда - біздің спортшылар

Massaget.kz Лондонда өтетін ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарына толығымен дайындалып, қазақ оқырмандарын соңғы төртжылдықтың басты додасынан келген жедел ақпараттармен қуантуға асығады. 

Ертең, 27 шілде күні Лондон-2012 ойындарында қазақстандық спортшыларға алғашқы жарыс күні басталмақ. Нақтырақ айтар болсақ, төрткүл дүниенің үздік спортшылары жиналған дүбірлі додада біздің мергендеріміз бақ сынасады. Жеке бағдарлама бойынша рейтинг турға 64 атлет қатысады.

Сонымен қасиетті жұма күні садақ атудан жарысатын спортшыларымызбен танысып өтсек:

Баннова Анастасия Александровна

2007 жылы мектеп бітірісімен М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Спорт және дене шынықтыру факультетіне оқуға түседі. Ал 2009 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академисына 3-курсқа ауысады. 2001 жылдан бастап садақ атумен айналысады. 2005 жылы Қазақстанның абсолюттік чемпионы атанған. 

Туған күні: 26.02.1989

Туған жері: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Спорт түрі: садақ ату (жеке, әйелдер)

Ганькин Денис Павлович 

2003 жылдан бастап садақ атумен айналысады. 2011 жылы Иранда өткен Азия чемпионатында МIXT жаттығуы бойынша Анастасия  Банновамен бірге жеңіс тұғырына көтерілген.

Туған күні: 13.12.1989

Туған жері: Алматы облысы, Талдықорған қаласы

Спорт түрі: садақ ату (жеке, ерлер)

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Ж. FM