- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Лондон - 2012:...
Лондон - 2012: салтанатты формалар сәні
Бірнеше күннен кейін басталатын Олимпиададағы түрлі елдер құрамаларының салтанатты киімдеріне баға беріңіздер. Ресей мен Украинаға форманы Bosco тігіп берсе, АҚШ-қа Ralph Lauren, ал Италияға – Armani-дің өзі тіккен екен.
Ресей құрамасының киімі дәстүрлі қызыл және көк түстерінде орындалған. Bosco Sport танымал бренді мен Денис Симачевтің еңбегі болып табылатын Ресей құрамасының салтанатты киімі қазірде көпшілік ең сәнді киімдердің бірі деп таныды.
Италияны бұл жолы Джорджио Арманидің өзі киіндірді. Ол 70 жылдар стилімен шабыттанып, қара-көк түсті, құрамында ақ түсті элементтері бар, дәстүрлі форма дайындады.
АҚШ құрамасының формасын Ralph Lauren сәнді үйі әзірледі. Дизайнерлер 50 жылдармен шабыттанып, Олимпиадаға қатысатын 800 спортшыны осындай киімге киіндіруге бел буды. Спортты винтаж стиліне келетін бұл киім басқалардың арасында ерекшеленетіні көрініп-ақ тұр.
Немістердің салтанатты киімі.
Австралияның ұлттық құрамасының салтанатты киімі. Бұл жолы Австралиялық модельерлер минимализм стилін ұстанған. Жасыл-ақ түсті салтанатты киімнің артық еш ерекшеліктері байқалмайды.
Қытайлықтар да киіммен емес жеңістерімен ерекшеленуге ниеттенген сияқты.
Оңтүстік Корея 2012 жылғы Олимпиадаға осындай киіммен шықпақ.
Қазақстан құрамасының киімімен таныс болғанбыз.
Сізге қайсысы ұнайды? Жалғасы бар.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: sports.ru, puretrend.ru
С. А