Басталғалы тұрған Лондонда өтетін Олимиаданың салтанатты ашылуында кім қандай киімде шығады? Кеше бұл сұраққа жауап бере бастағанбыз. Бүгін басқа елдер құрамаларының салтанатты формаларымен таныс болыңыздар.
Ұлыбритания
Үйлерінде өткізетін Олимпиаданы ағылшындар Стелла Маккартнидің тіккен киімінде қарсы алады. Дизайнер Adidas брендімен біріге отыра, спорттық стильде, ыңғайлы және өте сәнді көк форма ойлап тапты. Айта кетсек Стелла Маккартни тек спортшыларды ғана емес, сонымен қатар Олимпиадада жұмыс жасайтын барлық қызметкерлердің киімінің дизайнын шығарды. Алайда ағылшындардың өзі Стелланың туларын бұлай қолданғанына риза емес секілді.
Ямайка
Ең сәнді деген құрамалардың арасында Ямайка елінің спортшылары көзге түспек. Олардың салтанатты киімін ойлап шығаруға атақты Боб Марлидің қызы Седелла Марли қатысты. Киім топтамасы өте жарқын, заманауи, сәнді болып шықты. Форма қара, сары, жасыл түстерінде орындалған.
Испания
Испания формасы көпшіліктің көңілінен шықпады. Бұған олар Ресейлік "Bosco di Ciliegi" брендін кінәлауда. Бұл компания Испанияның формасын тігуге жауапты болған. Алайда дизайнында қызыл түсі мен таныс өрнектер орын алып, тіпті орыстардың формасынан аумай қалды.
Белоруссия
Көпшілік Белоруссия құрамасының салтанатты киімін ең сәнсіз деп анықтауда. ОАО "Центр моды" Виктория Колб пен Вадим Коробковтың қол астынан шыққан киім шынымен түсініксіз және күлкілі болған сияқты.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: puretrend.ru