Лондон ойындарында ерлер арасындағы 400 метрге кедергі арқылы жүгіру жарысы өтті, деп хабарлайды Массагет.кз.
Жарыстың алғашқы айналымында 400 метрді 48,33 секундта жүгіріп өткен пуэрторикалық желаяқ Хавьер Калсон жеңімпаз болып танылды.
Аталған жарысқа қатысқан қазақстандық жалғыз желаяқ Лептиков Виктор іріктеу кезеңінде 51,67 секунд көрсеткішті көрсетіп, жартылай финалға өте алмады. 25 жасар қызылордалық атлетші 43-орынға қол жеткізді.
Айта кетсек, жарыстың келесі айналымына 24 спортшы жолдама алды.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: london2012.com