Қазақстандық спортшы қыздарымыз Елена Шалыгина мен Жұлдыз Ишимова Лондон Олимпиадасындағы күрес жолын аяқтады.
63 келі салмақта өнер көрсететін 25 жастағы алматылық Елена Шалыгина іріктеу кезеңінде Украинадан келген 22 жастағы Юлия Остапчукке 0:5 есебімен есе жіберіп қойды.
Ал 48 келі салмақта өнер көрсететін 24 жастағы Жұлдыз Ишимова да дәл осындай ұпай айырмашылығымен 19 жастағы беларустық спортшы Ванесса Каладзинскояға ұтылып қалды.
Сурет:london2012.com
Дайындаған: Фараби Бақыт