Қазақстандық былғары қолғап шебері Марина Вольнова Олимпиада ойындарының қола жүлдегері!
Лондон олимпиадасында 74кг салмақ дәрежесінде 1/2 финалға өткен қазақстандық боксшы Марина Вольнова америкалық Клариса Шилдстан жеңіліс тауып, қола медальға ие болды. Алғашқы раундта Марина қарсыласының дәл соққыларын өткізіп алды, есеп -5:7. Екінші раундта боксшымыз басымдыққа ие бола алмай, тағы да есе жіберіп алды, есеп 3:5. Үшінші раундта Вольнова қарсыласынан нокдаун алып қалып, төртінші раундта қарсыласынан есепті асыра алмады, жалпы есеп 15:29.
Айта кететін болсақ, алтын медальға талас ертең Америка мен Ресей спортшылары арасында өтеді.
Сурет:.london2012.com
Дайындаған: Фараби Бақыт