- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Қола жүлде қазақ...
Қола жүлде қазақ қызына бұйырмады
Қазақстандық дзюдошы қызымыз Гүлжан Исанова Лондон олимпиадасында қола жүлде үшін болған таласта жеңіліп қалды, деп хабарлайды Массагет.кз.
Қосымша раундтың бірінші кезеңінде қарағандылық дзюдошы бразилиялық Мария Альтеманмен жолықты. Ә дегеннен-ақ 28 жасар спортшымыз ескерту алып, өткір шабуылдардың бірін өткізіп алды. Белдесу біткен сияқты болып көрінгенмен, төрешілер алқасы "вазари" бағасын беріп қана қоя салды. Содан не керек отандық татами шебері ақыр соңында "юко" әдісін жіберіп алып, жеңіліп тынды.
Өздеріңіз біліп отырғандай, Гүлжан Исанова еліміздің жүлде үшін таласуға мүмкіндік алған бірінші дзюдошысы болатын.
Естеріңізге салсақ, іріктеу кезеңінің алғашқы бөлігінде-ақ Александр Подрядов (48 кг), Еркебұлан Қосаев (60 келі салмақта), Сергей Лим (66 кг), Ринат Ибрагимов (73 кг), Ислам Бозбаев (81 кг), Максим Раков (100 кг) және Ержан Шынкеевтер (100 кг) жеңіліп қалған еді.
Сурет:eurosport.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига