Қазақстандық тағы бір сапышы Юлия Живица семсерлесу сайысын сәтсіз аяқтады, деп хабарлайды Массагет.кз.
1/16 айналымда 22 жасар Юлия ресейлік Юлия Гавриловамен күш сынасты. 15:7 есебімен аяқталған кездесуде жеңіс 23 жасар ресейлік спортшыға бұйырды.
Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын ерлер арасындағы семсерлесу жарысында Элмир Алимжанов ширек финалға өте алмаған болатын. Сондай-ақ, Дмитрий Алексанин де 1/16 кезеңінде жарыспен қош айтыстқан еді.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: london2012.com