Қазақстандық тағы бір палуан ширек финалға шықты

Қазақстандық тағы бір палуан ширек финалға шықты

Күрестің грек-рим түрінен Даниял Гаджиев 84 келі салмақта Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты деп хабарлайды Massaget.kz

84 келі салмақ категориясында өнер көрсететін қазақстандық палуан 1/8 айналымында болгариялық Христо Мариновпен кездесу өткізіп, жеңіске жетті.

Жекпе-жектің бірінші кезеңінде 26 жастағы Даниял Гаджиев ұпай алып, алға шықты. Тартысты кездесудің келесі кезеңінде, Даниял Гаджиев ойынды өз қолына алып, есеп айырмасын тағы да 3 ұпайға ұлғайтты. Нәтижесінде қазақстандық күресші 2010 жылғы әлем чемпионын тізе бүктіріп, ширек финалға жолдама алды. 

Енді, Даниял Гаджиев ширек финалда ресейлік Куганов Аланмен белдесетін болады. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Ж. FM