Бүгін, 30 шілде күні, жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық Анастасия Баннова садақ атудан 1/32 айналымында өнер көрсетті деп хабарлайды Массагет.кз.
23 жасар Орал қаласының тумасы мексикалық Аида Романмен кездесіп, 2:6 есебімен жеңіліс тапты. Нәтижесінде келесі айналымға өте алмады.
Садақ ату шебері іріктеу кезеңінде 614 ұпай жинап, 54-орында тұрақтаған болатын. Оның қарсыласы 24 жасар Аида Роман 658 ұпаймен 64 садақшының ішінде 11-орынға қол жеткізген еді.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: massaget.kz