Қазақстандық садақшы қыз келесі айналымға өте алмады

Қазақстандық садақшы қыз келесі айналымға өте алмады

Бүгін, 30 шілде күні, жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық Анастасия Баннова садақ атудан 1/32 айналымында өнер көрсетті деп хабарлайды Массагет.кз.

23 жасар Орал қаласының тумасы мексикалық Аида Романмен кездесіп, 2:6 есебімен жеңіліс тапты. Нәтижесінде келесі айналымға өте алмады.

Садақ ату шебері іріктеу кезеңінде 614 ұпай жинап, 54-орында тұрақтаған болатын. Оның қарсыласы 24 жасар Аида Роман 658 ұпаймен 64 садақшының ішінде 11-орынға қол жеткізген еді.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: massaget.kz

Ж. FM