Қазақстандық ескекшілер Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты

Қазақстандық ескекшілер Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты

Қазақстандық Александр Дядчук жекелей сында каноэда ескек есуде Олимпиада ойындарының жартылай финалына жолдама алды. 

29 жастағы отандасымыз 200 метрді қашықтықты 43,204 секундта жүзіп өтіп өз тобында үздік үштік қатарынан көрінді. Ал жалпы есепте 12-орынға қол жеткізген спортшымыз келесі айналымға өтті. 

Айта кетсек, жартылай финал бүгін, 10 тамыз күні, Астана уақытымен сағат 16:37-де басталады. 

Сондай-ақ, тағы қазақстандық спортшымыз Наталья Сергеева 200 метрге байдаркада ескек есуде жартылай финалға өтті. Отандасымыз 200 метрді 43,257 секундта жүзіп,  өз тобында 5-орында тұрақтады. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Ж. FM