Қазақстандық ескекшілер ақтық сынға жолдама алды

Қазақстандық Александр Дядчук 1000 метрлік қашықтыққа ескек есудің жекелей сынында Олимпиада ойындарының ақтық сынына жолдама алды, деп хабарлайды Massaget.kz

Жартылай финалда 29 жастағы ескекші 4:56:724 көрсеткішімен өз тобында 8-орынға қол жеткізді. Ал жалпы есепте Александр Дядчук финалға шыққан 16 үздіктің соңын аяқтады. 

Ал осы айналымда мәре сызығын алғаш болып француз ескекшісі Матье Губель кесіп өтті (3:51:811). 

Айта кетсек, осы спорт түрінің финалдық кезеңі тамыз айының 8-і күні өтеді. 

Сондай-ақ, ескек есудің жұптық сайыс түрінде қазақстандық Алексей Дергунов пен Евгений Алексеев те Олимпиада ойындарының жүлделеріне таласатын болады. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: itar-tass.com