Лондонда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында заманауи бессайыс жаттығулары аяқталды.
Бүгін, заманауи бессайыста өнер көрсеткен спортшыларымыз Рүстем Сабирхузин мен Павел Ильяшенко жарыс қорытындысы бойынша 21 және 29 орындарға қол жеткізді. 21-орынға қол жеткізген бессайысшы Сабирхузин жалпы есепте 5564 ұпай иеленсе, Ильяшенко 5432 ұпай өз қанжыасына байлап, жарыс кестесінің 29-сатысынан көріне білді. Өз кезегінде Олимпиада ойындарының осы спорт түрінен алтын медалді чехиялық Свобода Давид иемденсе, күміс медальді қытайлық Жао Жонгронгқа алды. Ал қола жүлде Венгрия елінің өкілі Адам Маросиға бұйырды.
Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық Рүстем Сабирхузин ат сайсында Darkland атымен 1100 ұпай иемденіп, 24-орында болатын. Ал Павел Ильшенко Loughnatousa Romeo-ның көмегімен 1036 ұпайға қол жеткізіп, 30-орынға табан тіреді. Үш сайыстың қорытындысы бойынша Сабирхузин 21-орында келсе, Ильяшенко 33-орында болған еді.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: london2012.com