Лондон Олимпиадасында ауыр атлетика бойынша алған алтын медальдардың саны жағынан Қазақстан Қытайдан кейінгі екінші орынға орналасты.
Жалпы «Аспан асты» елінің зілтеміршілері 5 "алтынға" ие болса, Қазақстанның зілтеміршілері 4 медальмен екінші орынға орналасты. Ал 3 "алтынға" ие болған Солтүстік Корея үздік үштікті қорытындылып тұр. Айта кетейік, біз бұл жетістікке Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова және Илья Ильиннің жеңістерінің арқасында жеттік.
Дайындаған: Фараби Бақыт
Сурет: london2012.com