Қазақстан құрамасының Лондон Олимпиадасындағы киімі

Жақында басталатын Лондондағы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы соңғы дайындықтарын жүргізіп, шетінен Лондонға жол тартуда. 116 Отандасымыздың әлем назарына киіп шығатын салтанатты киіміне баға беріңіздер.

Бұл киімдер топтамасының авторы - танымал дизайнер Құралай Нұрқаділова.

Нұрқаділованың айтуы бойынша ерлер киімі спорттық стильдегі күртеше, Kazakhstan жазуы бар бас киім, классикалық стильдегі жейде, шалбар, белдік, шұлық пен галстуктан тұрады. Әйел киімінде жейде мен шалбар орнына сәнді көйлек болады. Қыздардың аяқ-киімінің кішкене өкшесі болмақ. Бас киімінің де ерекшелігі бар. Сондай-ақ қыздарды шифон орамалы мен тор қолғаптар бар. Қосымша аксессуарлар: пластик көзілдірік, сөмке, жол сөмкесі. Салтанатты киіммен бірге ойыншық барс ұсынылған. Бұл нышан былтырғы Азиададан бері жанымызға ыстық белгі.

Бұл киімнің тігілуіне 35,42 миллион теңге жұмсалыныпты. 220 жинақтың әрқайсысы 161 мың теңге тұрады мыс. Ал спорттық 258 комплекттер 71,982 миллион теңгеге алыныпты. 279 мың теңге тұратын бір жинаққа 3 түрлі спорт костюмдері, жейдешелер, шорты, бас киім, орамал, шұлық пен жеңіл аяқ-киім, кроссовкалар, арқа сөмкесі мен қол сөмкесі кіреді. 

 

 

 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: vesti.kz