Қазақстан құрамасы Паралимпиадада

Лондонда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының өткен екі күні нәтижесінде біздің ел құрамасы жүлделі орындардан көрінген жоқ. 

31 тамызда өткен пауэрлифтинг турнирінің финалына жерлестеріміз қатысқанымен, бірде-бір медаль ұтып ала алмады. 44 киллограмға дейінгі салмақта қатысатын Кабира Аскарова 65 киллограмм көтерді. Жүлделі алтыншы орынға іліну үшін оған 1-ақ киллограмм жетпеген. 

Қызылордалық Ислам Салимов 400 метрге жүгіруге қатысып, квалификациядан әрі қарай өте алмады. Ал кеше Ислам ұзындыққа секіру сайысында 5,64 метрге секіріп, 12-ші көрсеткішке ие болды.

Ал Алматылық Айнұр Байдулдаева 200 метрге жүгіруде финалға шығып, алайда ол да квалификациядан өте алмады. 8 қыркүйекте Айнұрдың 100 метрге жүгіруінде сәттілік тілейік.

Пауэрлифтшы Айдос Абжан 120 килограмм көрсеткішін көрсетіп, 9-орынға ие болды.




Спорт және туризм министрлігінің айтуы бойынша, Қазақстан құрамасы тәжірибе жоқтығына байланысты Паралимпиададан медальдар күтпеуде. Алайда, әлі де Қазақстан құрамасын пауэрлифтинг, жеңіл атлетика және жүзуден сайыстарға қатысады. Оларға сәттілік тілейік!

Айта кетсек, Паралимпиада-2012-де жақсы көрсеткіштерге мына елдер құрамалары ие болуда: Қытай (15 алтын, 11 күміс, 17 қола), Ұлыбритания (9,12,13), Аустралия (9,4,9), Украина (7,5,5), Ресей (5,5,4). Жалпы Паралимпиадада 166 елдің 4200 спортшысы өнер көрсетуде. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vesti.kz