Қазақ қызы Гүлжан Исанова ширек финалда

78 келі салмақта өнер көрсететін қазақ дзюдошысы  Гүлжан Исанова  ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Массагет.кз.

Қарағандылық спортшы қыз бен кәріс спортшысы На-Йонг Кимнің арасындағы белдесу өте тартысты болды. Алайда, 28 жасар қарағандылық татами шебері 24 жастағы Оңтүстіккореялық спортшыдан айласын асырып кетті.

Финалға бастайтын тура жолда Гүлжан Исанова британдық  Карина Брайантпен кездесетін болады. 

 Сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт