- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Қарағандылық Гүлжан Исанова...
Қарағандылық Гүлжан Исанова қола медаль үшін таласатын болды
Қазақстандық татами шебері Гүлжан Исанова жартылай финалға өте алмады, деп хабарлайды Массагет.кз.
Ширек финалда қарағандылық қыз британдық Карина Брайантқа жеңіліп қалды. Белдесу барысында Брайан екі бірдей ескерту алып, қазақ қызының пайдасына "юко" ұпайы беріліп еді. Алайда, отандық қандасымыз уақыт біткенше британдықтың екі бірдей шабуылын өткізіп алып, нәтижесінде британ қызының пайдасына "вазари" ұпайы бұйырып кетті.
Енді біздің 28 жастағы дзюдошы қызымыз қола медальға таласатын болды.
Сурет:ondon2012.com
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига