Қара қыз қоржынды алтынмен толықтырды

Бүгін, 4 тамыз күні америкалық ракетка шебері Серена Уильямс үш дүркін Олимпиада жеңімпазы атанып отыр.

Әлемдік рейтингтің төртінші сатысында тұрған Серена ресейлік теннисші Мария Шараповамен жолықты. Бүкіл ойынның барысында 25 жастағы ресейлік қыз ел күткен атақты соққысын орындай алмады. Нәтижесінде әрбір қателікті Серена өз пайдасына жарата біліп, жеңісті жұлып алып кетті. Есеп:6:0, 6:1.   

Айта кететін болсақ, қола жүлде үшін болған таласта әлемнің бірінші ракеткасы Виктория Азаренко 25 жастағы Ресей қызы Мария Кириленконы жеңіп кетті. Есеп: 6:3, 4:6.

Сурет:fed.sibnovosti.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт