Қанат қатардан шығып қалды

Қанат қатардан шығып қалды

Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Әбуталипов ширек финалға өте алмай қалды, деп хабарлайды Массагет.кз.

56 келі салмақта күш сынасқан отандық спортшымыз ширек финалда 23 жасар ирландық Джон Джо Невинге ұтылып қалды.

Астаналық жігітіміз бірінші раундты 2:5 есебімен қарсыласына беріп қойды. Одан кейінгі екінші раунд та ирландықтың пайдасына  3:5 есебімен аяқталды. Ал соңғы раундта Қанат мен Невин тең түсті -  5:5. Нәтижесінде 23 жасар Джон Джо Невин жалпы есепте 15:10 есебімен басым түсіп, жарыс жолын жалғастыруға мүмкіндік алды. 

Естеріңізге салсақ, 29 жастағы астаналық боксшымыз сириялық Виссам Саламанды жеңген еді. Ерте бұрын 75 келі салмақта күш сынасқан Данабек Сұжанов жарыс жолынан шығып қалған болатын.

Сурет:tengrinews.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига