Қазақстандық жеңіл атлетші Ирина Карпова жеті сайыстың қорытындысы бойынша 32-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Массагет.кз.
32 жастағы жеңіл атлетші жарыстың соңғы кезеңі - 800 метр қашықтыққа жүгіруде 2:28:93 көрсеткішіне қол жеткізіп, 706 ұпайды қанжығасына байлады.
Ал жеті сайыс қорытындысына келетін болсақ, алматылық Ирина Карпова жалпы 5319 ұпай жинап, өкінішке орай, 32-орынды иемденді. Естеріңізге сала кетсек, аталған жарыс түрінен қатысқан 40 жеңіл атлетшінің жетеуі жарыс жолынан шығып қалған болатын.
Ал осы спорт түрінен жүзден жүйрік атанған британдық Джессика Эннис атанды. 6955 ұпай жинаған Джессика жеңіс тұғырына көтерілді. Өз кезегінде күміс медалді 6649 ұпаймен неміс елінің өкілі Шварзкопф Лилли иеленсе, Олимпиада ойындарының қола жүлдесі ресейлік Татьяна Черноваға бұйырды (6628 ұпай).
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: london2012.com