Солтүстік Қазақстан облысының жеңіл атлетшісі Ирина Литвиненко Эктова мен өскемендік Ольга Рыпакова үш секіріп қарғу бойынша іріктеу сынын бастады.
Жалпы 35 жеңіл атлет бақ сынасқан жарыста, өкінішке орай, Ирина Эктова үш мүмкіндіктің тек біреуін іске асыра алмай, жарыс жолынан түсіп қалды. 25 жасар жеңіл атлетшіміз бар болғаны 13,39 метр қашықтықты бағындыра алды. Ал "Б тобында" өнер көрсеткен өскемендік Ольга Рыпакова үш мүмкіндіктің екеуін мүлт жібермей финалға жолдама алды. 27 жасар жеңіл атлетшіміз 14,79 метрге секіріп, ең үздік нәтиже көрсетті.
Айта кетсек, ең үздік 12 жеңіл атлетші қатарына енген Ольга тамыздың 5-і күні бақ сынасатын болады.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: vesti.kz