Отандық жеңіл атлетші қызымыз Маргарита Мацко 800 метрге жүгіруден жартылай финалға жолдама алды.
Мәре сызығын 2 минут 02,12 секундта кесіп өткен 26 жастағы керекулік спортшы өз тобында 5-орын алды. Және жалпы көрсеткіш бойынша 15-орынға қол жеткізіп, жартылай финалда бақ сынайтын болды.
Жартылай финал 10 тамыз күні Астана уақытымен 19:30 -да басталады.
Сурет:london2012.com
Дайындаған: Фараби Бақыт