- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Жеңіл атлетикадан Олимпиада-2012...
Жеңіл атлетикадан Олимпиада-2012 ойындарының соңғы алтынын Уганда елінің өкіліне бұйырды
Уганда елінің өкілі Стивен Кипротич жеңіл атлетикадан Олимпиада-2012 ойындарының соңғы алтынын иеленді, деп хабарлайды Massaget.kz
Кипротич қашықтықтың соңғы километрлерінде қарқынын үдетіп, нәтижесінде өзінің басты бәсекелестері кениялық Абель Кируи мен Уилсон Киротичті басып озды. Олимпиада чемпионы 42 километр және 195 метр қашықтықты 2 сағат, 8 минут, 1 секундта жүгіріп өтті.
Айта кетсек, бұл Стивен Кипротичтің спорттық ғұмырындағы ең ірі жетістігі. Сондай-ақ, ол Уганда елінің тарихында Олимпиада чемпионы атанған екінші спортшы болды.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: london2012.com
Ж. FM