Санаулы минуттар бұрын нәзік жанды желаяқтар арасында 100 метрге кедергілер арқылы жүгірудің іріктеу кезеңі болып өтті. Өкінішке орай, бұл сында еліміздің намысын қорғаған үш желаяқ аруымыз да ширек финалдық кезеңге өте алған жоқ.
25 жасар Анастасия Пилипенко 13,77 уақыт көрсеткішімен бесінші болып межеден өтті. 27 жасар Наталья Иваницкая 13,48 секунд көрсеткішімен жетінші болып келді. Ал Анастасия Сопрунова өз кезегінде 13,40 уақыт көрсеткішімен төртінші көрсеткішті көрсетті. Дегенмен жоғарыдағы көрсеткіштер біздің қыздардың келесі айналымға өтуіне ешқандай мүмкіндік бермеді.
Айта кетсек, тап осындай жарыс жолында біздің отандасымыз Ольга Шишигина Сидней-2000 Олимпиадасында алтыннан алқа таққан болатын.
Сурет: vesti.kz
Дайындаған: Фараби Бақыт