Қазақстандық былғары қолғап шебері Ғани Жайлауов ширек финалдан ары аса алмады, деп хабарлайды Массагет.кз.
60 келі салмақта өнер көрсететін 27 жастағы боксшымыз кубалық спорт шебері Ясниер Толедо Лопеске 11:19 есебімен жеңіліп қалды. Жекпе-жектің бірінші раунтында-ақ 3:5 есебімен есе жіберсе, екінші бөлікте де 4:6 есебімен басымдылықты түбегейлі беріп қойды. Және соңғы үш минут та кубалықтың пайдасына 4:8 есебімен аяқталды. Сөйтіп 22 жастағы кубалық жігіт жартылай финалға жолдама алды.
Естеріңізге салсақ, 1/16 айналымда 27 жасар Жайлауов Индия елінен келген боксшы Джай Бхагванмен қолғап түйістіріп, айқын жеңіске жеткен болатын.
Сурет:vesti.kz
Дайындаған: Фараби Бақыт