Жамбылдың жалғыз үміті жарысты аяқтады

Жамбылдың жалғыз үміті жарысты аяқтады

Қазақстандық былғары қолғап шебері Ғани Жайлауов ширек финалдан ары аса алмады, деп хабарлайды Массагет.кз.

60 келі салмақта өнер көрсететін 27 жастағы боксшымыз кубалық спорт шебері Ясниер Толедо Лопеске 11:19 есебімен жеңіліп қалды. Жекпе-жектің бірінші раунтында-ақ 3:5 есебімен есе жіберсе, екінші бөлікте де 4:6 есебімен басымдылықты түбегейлі беріп қойды. Және соңғы үш минут та кубалықтың пайдасына 4:8 есебімен аяқталды. Сөйтіп 22 жастағы кубалық жігіт жартылай финалға жолдама алды.

Естеріңізге салсақ, 1/16 айналымда 27 жасар Жайлауов Индия елінен келген боксшы Джай Бхагванмен қолғап түйістіріп, айқын жеңіске жеткен болатын.

Сурет:vesti.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Ж. FM