Италия иілмей қойды

Италия иілмей қойды

Су добынан Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Италияға есе жіберді.

Алғашқы минуттардан есеп ашқан отандық су добы шеберлері кездесуді жақсы қарқынмен бастады. Италия қақпасынан бірінші болып Евгений Жиляев саңылау тапты. Алайда қазақстандықтардың қуанышы ұзаққа созылмады. Италия құрамасы ойын тізгінін өз қолына алып, Николай Максимов қақпасына бірнеше рет сәтті шабуыл жасап үлгерді. Соның нәтижесінде  италиялықтар 4:2 есебімен бірінші кезеңді өз пайдасына шешті. 

Тартысты кездесудің екінші кезеңінде де Кампагна Алессандро шәкірттері ойын барысын толықтай өз бақылауына алды. Бұл жолы да әлем чемпиондары Сергей Дроздов бастаған құраманы 4:2 есебімен сан соқтырды.

Ұзақ үзілістен соң қазақ ватерполшылары намысқа тырысып, кезеңді тең аяқтады. 1:1... 

Кездесудің соңғы сегіз минуттығында қазақстандықтар есеп айырмасын қысқартуға барын салды. Еліміздің су добы шеберлері соңғы кезеңде жалғыз доп соғып, жеңіске жеткенімен, қорытынды есеп 9:6.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Ж. FM