- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Ильиннің анасына "Батыр...
Ильиннің анасына "Батыр ана" атағы берілді
Екі дүркін олимпиада чемпионы, ауыр атлет Илья Ильиннің анасы Галина Ильинаға "Батыр ана" атағы берілді. Бұл туралы ҚазТАГ Қызылорда әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
"Елімізге Илья Ильиндей ұл сыйлаған әйел "Батыр ана" атағына әбден лайық", - деді сөз алған әкімшілік өкілдері. Содан соң дәстүр бойынша, оған ұлттық камзол кигізіліп, "Батыр ана" белгісі тарту етілді.
"Бұл құрмет мен үшін үлкен қуаныш. Бұндай сыйды күткен жоқпын. 3 бала өсірген менің еңбегіме қарағанда, 8 бала тәрбиелеген анамның еңбегі шын құрметке лайық", - деді Ильина. Сөз соңында батыр ана барлық ата-анаға балаларының денінің саулығын тілейтінін айтып, оларды қуанышқа бөлей берсін деген ниет білдірді.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: vk.com