- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Ильин үйлену тойын...
Ильин үйлену тойын 9 қыркүйекке белгіледі
Екі дүркін Олимпиада Чемпионы Илья Ильин өзінің үйлену тойы туралы айтып берді.
Ауыр атлеттің айтуынша, дүркіреген той болмайды. Бар болғаны Илья мен оның азаматтық некедегі жары Наталья Кулакова АХАЖ-да тіркеліп, содан соң жақын туыстарының арасында кешкі ас өткізуді жоспарлап отыр екен.
Чемпионның тойы туралы бүгін депутат Мұрат Әбенов те өз туиттерінде жазды. "Илья Ильин Қызылордада. Жерлестері қиқу салып, қошеметтеуде. Айтпақшы, ол мені ақыры үйлену тойына шақырды. Той 9 қыркүйекке белгіленіпті. Міне, осындай жаңалықтар бар", - деп жазды Әбенов.
Ильин, сонымен қатар, болашаққа деген жоспарының көп екендігін айтты. Естеріңізге сала кетелік, зілтемірші бұған дейін спорт академиясының докторонтурасына түскендігін айтқан болатын.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: vesti.kz