Күрестен 72 келіде өнер көрсететін Гюзель Манюрова Олимпиада ойындарының қола жүлдесіне қол жеткізді.
Қола жүлдеге болған таласта 34 жастағы Манюрова қытайлық Джио Вангты түзе бүктірді. Кездесудің алғашқы кезеңінде қарсыластар 1:1 есебімен тең тарасты. Жекпе-жектің екінші кезеңінде біздің Гюзель ойынды толықтай өз қолына алып, қытай спортшысынан 3:1 есебімен басым түсті.
Естеріңізге сала кетсек, ширек финалда 34 жастағы спортшымыз осы салмақта чемпион атанған ресейлік Наталья Воробьеваға есе жіберген еді. Нәтижесінде қазақстандық күресші қосымша раундқа қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Айта кетсек, Манюрованың қола медалі Қазақстан қоржынына түскен тоғызыншы жүлде.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: news.ivest.kz