Қазақстандық Светалана Германович академиялық ескек есуден қосымша финалдың жеңімпазы атанды.
25 жасар Светлана қашықтықты 8 минут 37, 08 секундта өтіп, жарысты 25-орында аяқтады.
Дәл қазір Олимпиада чемпионы анықталатын ақтық сын өтуде. Айта кетсек, қазақстандық спортшы ширек финалға жолдама ала алмағандықтан, қосымша кезеңде өнер көрсеткен болатын.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: london2012.com