- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Георгий Шейко спорттық...
Георгий Шейко спорттық жүруде 35-орынмен аяқтады
Қазақстандық спортшы Георгий Шейко 20 километрге спорттық жүруде 35-орынмен аяқтады.
Аталған жарыстың алтын жүлдесін Олимпиада рекордын орнатқан ( 1 сағат 18 минут 46 секунд) қытайлық Чэнь Дин иеленді. Ал күміс жүлдені гватемалық Эрика Баррондо (1:18:57) алса, қола жүлде тағы бір қытайлық Ван Чжэньге (1:19:25) бұйырды.
22 жастағы отандық спортшымыз берілген қашықтықты 1 сағат 23 минут 52 секундта жүріп өткен.
Сурет:stranic.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига