Габидуллина 50 метрге шалқалап жүзуден 12-болып келді

Қазақстандық паралимпиадашы Зульфия Габидуллина  50 метрге шалқалап жүзуден 12-болып келді.

46 жастағы жүзгіш жетінші жолда жарысқа түсіп, 1:10.12 секунд көрсеткішімен мәре сызығын кесті. Солайша 16 секундқа көшбасшыдан қалып қойған отандық спортшы үздік сегіздіктің қатарына іліне алмады. 

50 метрге арқамен жүзуде бас жүлде "Қызғалдақтар елінен" келген 26 жастағы Лизетт Туниссенге бұйырды - 52,90 секунд.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстаннан Паралимпиада ойындарына жеті спортшы барған болатын. Лондонда өтіп жатқан Паралимпиада ойындары тоғызыншы қыркүйекке дейін жалғасады.

сурет:london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт