Феруза қыз ширек финалға шыға алмай қалды

Феруза қыз ширек финалға шыға алмай қалды

Қазақстандық спортшы қызымыз Феруза Ергешова таэквондадан ширек финалға жолдама ала алмады.

1/8 финалда 20 жастағы шымкенттік қыз Словениядан келген Нусе Райхерден 16:17 есебімен жеңіліп қалды. Айта кететін болсақ, жекпе-жектің бірінші мен екінші бөлігі 29 жастағы словениялық спортшының пайдасына шешілсе (5:3, 4:2), соңғы бөлік Ферузаның пайдасына 11:7 есебімен аяқталды. Негізгі уақытта тең түсіп қалған таэквондашы қыздар шын мықтыны қосымша уақытта анықтады. Өкінішке орай, отандық спортшымыздың бағы жанбады. 

Ширек финалда Райхер ресейлік Анастасия Барышниковамен күш сынасатын болады. Естеріңізге сала кететін болсақ, ресейлік спортшы Тунистен келген Хаулу Бэн Хамзуды жеңген еді.

Сурет:vesti.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига