Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов жұбы Лондон Олимпиадасында 10 үздіктің қатарына кірді

Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов жұбы Лондон Олимпиадасында 10 үздіктің қатарына кірді

Қазақстандық спортшылар Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов 200 метрге байдаркамен жұптық ескек есуде 9-орын алды.

Қосалқы жарыста отандық спортшыларымыз мәре сызығын 35,494 секундта кесіп өткен. Жалпы алғанда 9-орынға қол жеткізді.

Олимпиада чемпиондары болып ресейлік жұп Александр Дьяченко мен Юрий Постригай танылды (200 метрді  33,507 секундта кесіп өткен). Ал күміс жүлде беларус жігіттері Роман Петрушенко мен Вадим Махневке бұйырса, қола жүлдені британдық Лайам Хэт мен Джон Шофильд жұбы иеленді.

Айта кетсек, 200 метрге жекелей ескек есуде алтын медалді британ спортшысы Эд Маккивер тақса (36,246), күміс жүлдені  испаниялық Саул Кравьото Риверо қанжығасына байлады (36,540). Ал қола жүлдені канадалық Марк де Йонг алып кетті ((36,657).

Сурет:vesti.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига