Отандық спортшы қызымыз Наталья Сергеева жекелей ескек есуде финалдық кезеңге шыға алмады.
36 жастағы қазақстандық спортшымыз өз тобында 4-ші болып келді. Жарыс барысында 500 метрлік қашықтықты 1 минут 53,888 секундта кесіп өткен. Нәтижесінде Наталья қызымыз қосалқы жарыста бақ сынауға мүмкіндік алды.
Жартылай финалда ең үздік уақыт көрсеткішін венгриялық Данута Козак орнатты (1:50,469). Айта кететін болсақ, финал 9 тамыз күні Астана уақытымен 15:00-те басталатын болады.
Сурет:vesti.kz
Дайындаған: Фараби Бақыт