Ержан Шынкеев Тунис тумасынан жеңіліп қалды

Ержан Шынкеев Тунис тумасынан жеңіліп қалды

Бүгін, 3 тамыз күні, +100 келі салмақ категориясы бойынша қарағандылық Ержан Шынкеев алғашқы айналымда Тунис тумасы Файселл Жабаллахпен бел­де­сті деп хабарлайды Massaget.kz

Ержан Шынкеев кездесудің алғашқы минуттарында төреші тунис дзюдошысына ескерту беруі арқылы 1 ұпайға қол жеткізген болатын. Алайда, 27 жасар дзюдошымыз  1/32 айналымынның соңында қарсыласқа "юко" әдісін қолдануға мүмкіндік беріп жеңіліс тапты. Есеп айыруға тырысқан палуанымыз тунис елінің өкілі Файселл Жабаллахтан айласын асыра алмай қапы қалды.

Айта кетсек, бүгін, сондай-ақ, 78 келі салмақта өнер көрсететін Гүлан Иссанова 1/16 айналымында Оңтүстік Корея өкілі Ким На-Ионгпен айқасады.

Естеріңізге сала кетсек, дзю­до­шы­лар арасынан алғаш болып татамиге шы­ққан 60 келідегі Еркебұлан Қосаев 1/16 айналымында армениялық Ованес Давтянға есе жіберіп, жарыс жолын аяқтауға мәжбүр болған еді. Сондай-ақ, 2009 жылғы әлем чемпионы Максим Раков та алғашқы жекпе-жегін сәтсіз аяқтаған болатын. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Ж. FM