Энди Маррей өз елінде Олимпиада чемпионы атанды!

Британдық ракетка шебері Энди Маррей теннистің жекелей сынынан XXX жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанып отыр, деп хабарлайды Массагет.кз.

Туған жердің төсінде алған алтынның бағасы салыстыруға келмейді. Бұл жолы британ жігіті жеңіске бастар тура жолды жаңылмай тапты. Сет бойы жарқын өнер көрсеткен 25 жастағы спортшы әлемнің бірінші ракеткасы Роджер Федерерді айқын басымдылықпен ұтты (6:2,6:1,6:4).

Бүгін 31 жастағы швейцариялық жігіттің өз дегені болмады. Әйтпесе, осы жыл бабы мен бағы келіскен шағы болатын. Бірақ, өкініш білдірген Роджер жоқ. Керісінше, британдық жігітке қызыға да қызғана қарап, іштей қуанып тұрғаны да байқалып тұрды. 

Айта кетсек, қола жүлде сербиялық Новак Джоковичті ұтқан аргентиналық теннисші Хуан Мартинге бұйырды – 7:5, 6:4.

Сурет:ondon2012.com

Дайындаған: Ғани Тұрғынбек