Төрткүл дүние көз тіккен Олимпиада ойындары әлі де жалғасуда. Бүгін Лондон төрінде біздің сапышылар жарыс күнін бастады.
Лондон олимпиадасына жолдама алған 26 жасар Элмир Алимжанов жарыстың 1/32 айналымында вьетнамдық Тиен Нхат Нгюенмен бақ сынасты. Кездесудің алғашқы бөлігінде спортшылар бір-біріне дес бермей тең тарасты. Ал екінші периодта біздің Элмир нәтижелі шабуылдарының арқасында вьетнамдық спортшыны 7:1 есебімен ойсырата жеңді. Қорытынды есеп 15:9.
Енді Элмир Алимжанов ресейлік Сухов Павел мен Жун Жинсин арасында болатын жекпе-жектің жеңімпазымен семсерлеседі.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: london2012.com