Екі аяғы жоқ "Формула-1"-дің бұрынғы шабандозы - Паралимпиада ойындарының чемпионы!

Екі аяғы жоқ "Формула-1"-дің бұрынғы шабандозы - Паралимпиада ойындарының чемпионы!

2001 жылы автобомиль апатының кесірінен екі бірдей аяқтан қоса айырылған "Формула-1"-дің бұрынғы шабандозы (автогонщик) Паралимпиада ойындарында велосипедпен жарысуда алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Daily Mail.

Шыққан тегі итальяндық Алессандро Дзанарди Германияда өткен чемпионаттардың бірінде апатқа ұшыраған болатын. Дәрігерлер сол уақытта 45 жастағы шабандоздың таңғажайыптың арқасында аман қалғанын жасырмаған. Алайда, көлік жүргізудің қыр-сырын жіті меңгерген әйгілі шабандоз бір ай өтер-өтпес уақытта арнайы протездің арқасында жүре бастаған. Кез келген істі соңына апарып дағдыланған жүргізуші 2003 жылы 2001 жылдан қалған (әлгі чемпионат) он үш айналымды арнайы жасақталған болидтің (жарыс машинасы) арқасында жүріп өтті. Ерен ерлік таныта білген Алессандро Дзанардиге деген сондағы жұртшылықтың ыстық ықыласы әлі күнге суымаған шығар.

Кейінірек Дзанарди өзінің толық сауыққанын айтып, жарыс жолына оралды. Бұл жолы көлік емес, велосипед болатын. Осы жылдың наурыз айында Паралимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алған итальялық шабандоз кешегі күні өткен (5 қыркүйек) 16 километрлік жарыста топ жарды.

Ерік-жігерін ерлікке бастап барған Алессандро Дзанардидің айтуы бойынша, бұл өмірден қай кезде болмасын жаңа нәрсе тауып дағдылану қажет екен. Әйтпесе өмір жалықтырып жібереді.

"Қырық жастың қырқасында тұрғанда күнделікті айналысып жүрген нәрселердің бәрінің бағасын біле бастайсыз. Басымнан өткен таңғажайып оқиғалар фантастикалық нәтижемен аяқталып жатыр"- дейді чемпион.

сурет:lenews.eu

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига