- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Дычко бокстан алғашқы...
Дычко бокстан алғашқы жүлдені иемденді
Бүгін, 10 тамыз күні, Қазақ елінің намысын қорғаған боксшыларымыздың бірі - +91 келі салмақта өнер көрсететін Иван Дычко жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Massaget.kz
Ақтық сынға шығу үшін шаршы алаңға шыққан Иван Дычко британдық былғары қолғап шебері Энтони Жошуамен қолғап түйістірген болатын.
Жекпе-жектің алғашқы сәттерінен-ақ тартысты басталған кездесуде, екі боксшы да алғашқы кезеңде бір-біріне дес бермей, 4:4 есебімен тең тарасты.
Соңғы үш минуттықта ойын тізгінін өз қолына алмақ болған жерлесіміз Ұлыбритания боксшысын соққы астына қалдырды. Алайда, қарсылас өжеттік танытып, соңғы кезеңде 5:3 есебімен алға шықты. Нәтижесінде, 11:13 есебімен жеңіске жеткен жарыс қожайыны ақтық сынға жолдама алды. Ал 21 жастағы біздің боксшы өз қанжығасына қола жүлдені байлап, Лондон ойындарындағы соңғы кездесуін аяқтады.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: london2012.com
Л. Лига