- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Дычко алғашқы сәттен...
Дычко алғашқы сәттен бастап қарсыласын тізе бүктірді
+91 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычко ширек финалға өтті деп хабарлайды Massaget.kz
Отандық боксшы өзінің алғашқы жекпе-жегін Германия өкілі Эрик Прайферге қарсы өткізген еді. Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап 22 жасар Иван ойынды өз қолына алып, қорытынды есепті 14:4 жеткізді.
Енді Дычко жартылай финалға шығу үшін канадалық Симон Кинамен қолғап түйістіретін болады.
Айта кетсек, Дычко әзірге қазақстандық боксшылардың ішінен алғаш болып ширек финалға өтті.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: prosportkz.kz
Л. Лига