Дмитрий Карпов қарқынын үдетуде

Дмитрий Карпов қарқынын үдетуде

Қазақстандық Дмитрий Карпов онсайыстың екінші жаттығуынан кейін жалпы есепте екі саты жоғары көтерілді.

Ұзындыққа секіруде отандасымыз 7,21 метрді бағындырды. Нәтижесінде қарағандылық жеңіл атлетші екі жаттығудың қорытындысы бойынша 1745 ұпай жинап, 12-орынға тұрақтады.

Спорттың осы түрінен американдық онсайысшы Эштон Итон 2079 ұпаймен әлі де көш бастап келеді. Екінші жаттығуда АҚШ елінің өкілі 8,03 метрге секірді.  

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: prosportkz.kz

Ж. FM