Қазақстандық онсайысшы Дмитрий Карпов 8 жаттығудың қорытындысы бойынша жетінші орынға көтерілді.
Сырықпен секіруден қарағандылық жеңіл атлетші 5,10 метрді бағындырып, А тобында 4-орынға қол жеткізді. Ол 941 ұпай иеленді.
Сегіз жаттығудан соң отандасымыз 6871 ұпаймен жетінші орында келеді. Ал осы жарыс түрінен әлі де американдық Эштон Итон 7381 ұпаймен көш басында.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: frsk.kz