Қазақстандық грек-рим шебері Дархан Баяхметов 1/8 финалға жолдама алды.
66 келі салмақта өнер көрсететін 26 жастағы алматылық спортшымыз іріктеу кезеңінде Сербиядан келген спорт шебері Александр Максимовичті жеңді. Белдесу барысында отандық спортшымыз екі белдесуді де 1:0, 1:0 есебімен өз пайдасына шешкен.
Ширек финал үшін болатын таласта Дархан Баяхметов литвалық Эдгарас Венскаитиспен күш сынасатын болады.
Айта кетсек, белдесу Астана уақытымен 18:36-та басталады.
Сурет:alaman.kz
Дайындаған:Фараби Бақыт