Даниярымыз дайын болмай шыққан күн

Даниярымыз дайын болмай шыққан күн

64 келі салмақта өнер көрсететін отандық былғары қолғап шеберіміз Данияр Елеусінов жартылай финалға шыға алмады.

21 жастағы астаналық жігіт ширек финалда 23 жастағы Винченцо Маньякапремен кездесті. Бірінші мен екінші раунд барысында қазақ спортшысы жақсы өнер көрсеткенмен, іштей бірнәрсемен алысып жүргені көрініп тұрды. Нәтижесінде екі раунд та италиялықтың пайдасына шешілді:16-12.  

Ал үшінші раунд барысында қарсыласын біраз төмпештеп көріп еді, алайда, бірде-біреуі дарымай шығыпты-мыс. Содан не керек, үшінші

раундты да өз пайдасына шешкен италиялық жолы болғыш жігітіміз жартылай финалға жолдама алды.

Естеріңізге сала кетсек, Данияр Елеусінов 1/16 финалда ирандық Мехди Толоутибандпоны  19:10 есебімен тізе бүктірген болатын.

Сурет:london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт
Ж. FM