- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Данабекке дәлдік жетіспеді...
Данабекке дәлдік жетіспеді
19 жастан бастап бокспен айналысып келе жатқан 75 келі салмақта өнер көрсететін Өскемен қаласының түлегі - Данабек Сұжанов Лондон төрінде алғашқы жекпе-жегін өткізді деп хабарлайды Massaget.kz.
Қазақстанның екі дүркін чемпионы Гуанчжоу-2010 Азия ойындарының жеңімпазы 26 жасарлық үнді боксшысы Вижендермен кездескен болатын. Тартысты кездесудің алғашқы раундында Данабек қарсыласқа 4 жойқын соққы жібергенімен, үнді боксшысының 5 соққысын жіберіп алды.
Жекпе-жектің екінші кезеңі де үнді боксшысының қанжығасында кетті. Раунд 4:3 есебімен аяқталды.
Соңғы кезеңде Данабек ойынды өз қолына алып, қарсыласқа бағыттаған бірнеше соққысы дәл тисе де, қарсыластан айласын асыра алмай, 5:3 есебімен ұтылды.
Жалпы есеп 14:10 есебімен аяқталған боксшылардың тартысты жекпе-жегі Индия өкілінің пайдасына шешілді. Осылай ел намысын қорғауда барын салған өскемендік бауырымыз, өкінішке орай, Лондон төріндегі шаршы алаңмен қош айтысты.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: sport.gazeta.kz
Ж. FM