- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Бүгін ақ...
Бүгін ақ қыз бен қара қыз жолығады
Америкалық ракетка шебері Серена Уильямс Олимпиада аясында өткелі тұрған финалдық ойында ештеме жоғалтпайтынын айтыпты. Бұл туралы WTA сайты хабарлап отыр.
Айта кететін болсақ, бүгін теннис турнирінің соңғы күнінде ресейлік Мария Шарапова мен америкалық ракетка шебері Серена Уильямс жолығатын болады. Естеріңізге салсақ, Серена Уильямс жұма күні әлемнің төртінші ракеткасы саналатын беларус қызы Виктория Азаренконы жеңсе (6:1, 6:2), Мария жерлесі Мария Кириленкодан (6:2, 6:3) басым түскен болатын.
"Әлемнің бірінші теннисшісімен жолыққанда, әрине, маған үздік ойын көрсету керек. Шындығында, мен қолымнан келгенді жасадым. Кортқа шығатын күнді сонша күттім, сабырым серік болды,"- деп Серена Уильямс WTA сайтына берген сұхбатында ағынан жарылыпты.
Және Серена Мария Шарапова туралы өзіндік ой-пікірін ортаға салған:
"Көп болыпты Мариямен ойнамағалы. Сенбі күнгі ойынды асығыспен күтіп жүрмін. Біз жолығысқан ойын өте тартымды әрі қызықты болатын. Және соңғы уақытта ресейлік теннисші жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Менің ойымша, аталған кездесу өте қызықты болады. Оның рейтингтегі орны жоғары. Сондықтан маған жоғалтатын ештеңе жоқ" -деп Уильямс қоса кетіпті.
Сурет:championat.com
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига